12 Мамыр, 2016
948
Қамқорлық аясында
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы аясында ұйғыр этномәдени бірлестігі мен қаладағы №2 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде «25 игі іс» акциясы болып өтті.
Таңертеңмен қарттар үйінде қонақтар көптеп жиналып жатты. Олардың ішінде ақсақалдар мен аналар кеңесінің, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелерімен бірге №2 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, сонымен қатар Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де бар.
Ұйымдастырушылар бұл акцияны өткізудегі басты мақсатымыз жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын, толеранттылықты, рухани бірлікті нығайту, аға ұрпақ пен жастар арасындағы өзара түсіністікті арттыру мен дамыту екенін атап өтті.
Жиналғандар алдында Махмуд Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестік төрағасының орынбасары Данияр Абдусаметов сөз сөйледі. Одан кейін облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жанындағы «Саясат және әйел» секциясының басшысы Айман Кәрімова, ұйғыр этномәдени бірлестігі әйелдер кеңесінің төрайымы Махин Мусаева, №2 орта мектеп директорының орынбасары Татьяна Щелокова қарттарды мерекелерімен құттықтап денсаулық пен жақсылық тіледі.
Акция барысында көркемөнерпаздар ұжымдары мен ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Гунча» хореографиялық ансамблі мен №2 орта мектептің оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарлама тамашаланды. Сонымен қатар қарттарымызға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай іс-шараны ұйғыр этномәдени бірлестіктігінің өкілдері қаладағы №2 қарттар мен мүгедектер үйінде де ұйымдастырды.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті