Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Мамыр, 2016

858

Қамқорлық аясында

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы аясында ұйғыр этномәдени бірлестігі мен қаладағы №2 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде «25 игі іс» акциясы болып өтті.

            Таңертеңмен қарттар үйінде қонақтар көптеп жиналып жатты. Олардың ішінде ақсақалдар мен аналар кеңесінің, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелерімен бірге №2 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, сонымен қатар Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де бар.

            Ұйымдастырушылар бұл акцияны өткізудегі басты мақсатымыз жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын, толеранттылықты, рухани бірлікті нығайту, аға ұрпақ пен жастар арасындағы өзара түсіністікті арттыру мен дамыту екенін атап өтті.

            Жиналғандар  алдында Махмуд Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестік төрағасының орынбасары Данияр Абдусаметов сөз сөйледі. Одан кейін облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жанындағы «Саясат және әйел» секциясының басшысы Айман Кәрімова, ұйғыр этномәдени бірлестігі әйелдер кеңесінің төрайымы Махин Мусаева, №2 орта мектеп директорының орынбасары Татьяна Щелокова қарттарды мерекелерімен құттықтап денсаулық пен жақсылық тіледі.

            Акция барысында көркемөнерпаздар ұжымдары мен ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Гунча» хореографиялық ансамблі мен №2 орта мектептің оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарлама тамашаланды. Сонымен қатар қарттарымызға естелік сыйлықтар табыс етілді.

            Осындай іс-шараны ұйғыр этномәдени бірлестіктігінің өкілдері қаладағы  №2 қарттар мен мүгедектер үйінде де ұйымдастырды. 

   

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай