Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Шілде, 2019

3969

Мини-футболдан жастар арасындағы турнир Қостанайдың 140-жылдығына арналды

Қостанайда екінші жыл қатарынан  мини-футболдан жастар арасында «Достық кубогі» турнирін ұйымдастырды. Жастар жылының аясында өткізілген іс-шара Қостанай қаласының 140 жылдығына арналды.    

 21.jpg

«Біздің басты мақсатымыз – спорт арқылы ұлтаралық келісім мен достықты нығайту, жастардың белсенді демалуына жағдай жасау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирге он екі команда қатысты. Олардың төртеуі қырғыз, әзірбайжан, татар-башқұрт және түрік этномәдени бірлестіктер өкілдерінен жасақталды. Биыл «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номинациясы белгіленді, жеңімпаз командалармен қатар, олар да  кубокпен марапатталады. Спорт - денсаулық кепілі, сондықтан, біз барша қауымды спортпен шұғылдануға шақырамыз», - дейді облыстық Достық Үйі басшысының орынбасары Зульфия Набиева.

25.jpg

Қапырық, ыстыққа қарамастан спортшылар қызуқанды жарысқа түсті. Бас төрешілер - Михаил Костыгин мен  Игорь Щербина командаларды 4 шағын топқа бөліп, жеңімпаздарды анықтады. Содан соңғы жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жалғасты.

34.jpg

Жарыс қорытындысы бойынша «Союз» футбол клубы «Турнир чемпионы» атағына ие болды, Қостанай қаласы әкімдігінің құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді, «Агромашхолдинг» АҚ командасы қола жүлдені қанжығасына байлады.

«Союз» футбол клубының қақпашысы Арын Тоқтарбеков «Үздік қақпашы», ал «Агромашхолдинг» АҚ командасының 25 жасар ойыншысы Шынболат Бермұхамбетов «Үздік қорғаушы» атанды. Қос спортшыға арнайы кубоктар табыс етілді. 

15.jpg

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық Үйінің ұжымы жарыстың барлық қатысушыларын Алғыс хаттармен марапаттап, кәдесыйлар тарту етті.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Кейін қарай