Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Тамыз, 2021

354

Аналар кеңесінің қатысуымен өткен семинарда отбасылық құндылықтар мен ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі сөз болды

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесі «Аналар кеңесі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеркультурализм алаңы ретінде» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – ҚХА-ның 29 сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыруда этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің іс-тәжірибесімен, сондай-ақ, «Былина» орыс этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің отбасы институтын нығайтуда отбасылық құндылықтар туралы ұстанымдарымен ой бөлісу.

«Былина» орыс этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің атынан сөз алған кеңес төрайымы, ҚХА ардагері А.Воронцова «интеркультурализм» ұғымына өзіндік ой-пікір білдіріп, Аналар кеңесінің құрылған уақыттан бергі атқарып келе жатқан қызметіне тоқталды. Ал «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Л.Садыкова осы бағытта жастар арасында қандай тиімді іс-шаралар жүргізуге болатынын айтып, тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушы аналар, этномәдени бірлестік өкілдері де тақырып аясында ойталқы жасады. Семинар соңын түйіндеген Атырау облысы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Г.Шакирова облыстық ҚХА жұмысын жандандыруда, түрлі әлеуметтік топтар арасында мәдениетаралық диалогты құруда интеркультурализм саясатының маңыздылығын атап өтті.

Кейін қарай