Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2016

795

Аналар кеңесінің қайырымдылық шарасы

9 ақпан  күні Ақтөбе қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі Қазақстан Республикасының 25 жылдығына «25 қайырымды іс-шарасын» Ақтөбе облыстық іскер әйелдер  қауымдастығымен бірігіп өткізді.

ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 19 этномәдени бірлістіктің құрамындағы аз қамтылған отбасылардың ішінен 25 баланы анықтап, оларға материалдық көмек беру туралы Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығына ұсыныс жасады. Қауымдастық 25 балаға 250.000 теңгенің көлемінде қысқы киімдер алып берді. Шараға Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Сағындықова Гүлжан қатысып, балаларға сыйлықтарды табыс етті.

Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұршин Ж.М., ҚХА-жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Степаненко Н.В, Темір ауданының Кеңкияқ селосындағы аналар Кеңесінің мүшесі Кубашева А.М. «Қайырымдылық керуені»  акциясына қатысып, ізгілікті іс жасаған іскер  әйелдер қауымдастығының  мүшелеріне алғыстарын айтты.

Соңынан облыстық Достық үйінің жанындағы өнерпаз балалардың ұжымдары шағын концерт берді.

   

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

ММ-нің «Қоғамдық келісім»

КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай