Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2016

941

Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы

Таяуда  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Достық үйінде, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Іс-шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесінің мүшелері;  облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, кенттік округтердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері; облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері; мемлекеттік органдардың өкілдері: білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ішкі істер департаменті кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңейтілген отырысты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы ашып, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің үлгі Ережесімен, Республикалық «Ақ орамал» акциясында берілген  ұсыныстармен, ақпараттармен таныстырды.

Аталған іс-шарада Казақстан Республикасының Білім беру үздігі, жоғары санаттағы мұғалім, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Махамбет ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Мағауова Жібек Шамалиқызы жиналғандарға құттықтау сөзін арнап, «Махамбет ауданындағы Аналар кеңесінің жұмысы туралы» баяндама жасады.

Өз сөзінде ол – «Аналар кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында құрылуы кездейсоқ емес, өйткені аналар отбасы институтын нығайту, отбасы құндылығын қадірлеу бойынша әр түрлі іс-шараларды іске асыру, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің басты тетіктерінің бірі болып табылады», - деді.

Жиын барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Камелова Дина Базарбайқызы «Бала туу жасындағы әйелдер денсаулығы туралы»; Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының Атырау облысы бойынша өкілі  Төлегенова Нелли Ибрайқызы «Мектеп медиациясының білім беру саласындағы мүмкіндігі»; «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі, Аналар кеңесінің төрайымы Мустафина Хатима Зарипқызы «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігіндегі Аналар кеңесінің жұмысы туралы»; «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі Кван Ольга Вячеславовна «Ақ ормал» республикалық акциясы туралы» тақырыптарында баяндамаларын оқып, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында  бала тәрбиесіне қатысты, оларды қазіргі заманғы әлемде әлеуметтендіру, этносаралық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлік туралы маңызды сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар арасынан Атырау облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Дүйсекенова З.Қ.,  Атырау қаласының және  Атырау облысының «Құрметті азаматы» атағының иегері Ғабдусалимова М.Ғ., «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің мүшесі, журналистика саласының ардагері  Монастырская Л.М. өз ойларын білдіріп, осындай отырыстар тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап көрсетті.

Аналар Кеңесі жиналысына келген қатысушыларға сауалнама жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, жоғары санаттағы мұғалім, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Махамбет ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Мағауова Ж.Ш. және «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі Кван О.В. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді.

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай