21 Қаңтар, 2016
1112
Аналар кеңесінің отырсы
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастырумен Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында «Берік отбасы – берік мемлекет» тақырыбында аудан және ауыл округтеріндегі аналармен кеңейтілген жылжымалы кеңес өткізілді. Кеңеске аудан әкімі Алиев Бағдат Байшаұлы, аудан әкімнің орынбасары Момбаев Болысбай Тоғысбайұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Батырбекова Гүлмира Дүйсенбекқызы, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Баймадиева Жамал Қасымбекқызы қатысты.
Аудан әкімі Алиев Бағдат Байшаұлы ауданда халықтың ахуалын оның ішінде көп балалы, жалғызбасты аналарға және жетім балаларға 12 млн тенге көлемінде көмек көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар «Аналары мықты ауылды жау алмайды» дегендей отбасының береке-бірлігі, тазалығы, тәртібі аналарға тікелей байланысты және әйелдер отбасының материалдық жағдайын нығайтуға да ерлеріне көмектесулері керектігін ескертті.
Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Болысбай Тоғысбайұлы аудандағы 2015 жылғы жүргізілген комиссияның жұмысына есеп беріп, аудандағы әйел аналардың жағдайлары туралы толық баяндама жасады. Ауданда халықтың 49,8% әйелдер, 2 әйел аудан әкімінің орынбасарлары, 11 әйел мемлекеттік органдарды басқарады, 18 әйел мектеп директорлары. Әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету барысында 9 әйел үш айлық курстан өтіп, өз кәсіптері бойынша жұмыс орындарын ашып еңбек етуде. Ауданда 62 психологтар жұмыс жасайды, ал дефектологтар жетіспейтіндігін айтты. 22 жетім балалар облыс әкімінің гранттарымен жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Аудан әкімінің бастамасымен 12 балаға кәсіпкерлерден «Өкіл әкелер» тағайындалған.
Баймадиева Ж.К. – Аналар кеңесінің 2016 жылға арналған жоспары бойынша «Берік отбасы – берік мемлекет» тақырыбында жүргізілетін жұмыстың кестесімен таныстырып, аудан бойынша отбасы түрлерін анықтаудың диагностикалық кестесін және жас отбасылардың бірлігін сақтау мақсатында «Ақ отауға – ақ бата» Аналар кеңесінің қоғамдық қабылдауының үлгісін ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті