Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қаңтар, 2021

640

Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті

Қарағанды облысында «SARYARQANEWS.KZ» ақпараттық агенттігі өз жұмысын бастады. Осыған орай, Достық үйінде порталдың таныстырылымы өтті.

Сайт оқырманға саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдық салаларда болып жатқан жаңалықтарды жедел әрі сапалы жеткізуді мақсат етеді. Өңірдегі ғана емес, республика мен әлемдегі маңызды ақпараттарды топтастырады. SARYARQANEWS.KZ порталында Қарағанды облысының 9 аудан мен 9 қаласына арнайы айдар ашылды.

Ақпараттық агенттік мультимедиялық контентке баса назар аударады. «Saryarqa Aqparat» медиа-холденгіне қарасты «LIFE09» интернет жобасы дайындаған тың дүниелерді (жаңалықтар, деректі фильмдер, қысқаметражды фильмдер, әлеуметтік видео роликтерді) жариялап, Ақпараттың видео жанрынқамти аламыз. Сондай-ақ порталдағы фотогалерея, инфографика бөлімдерінде объектив нысаны іліккен тарихи, әлеуметтік мәдени фоторепортаждарды көруге мүмкіндік бар.

- Қазір ақпарат таратудың мүмкіндігі зор саласы – жаңа медиаға сұраныс артуда. Сұранысты толық қамтамасыз ету үшін SARYARQANEWS.KZ сияқты ақпараттық агенттіктер ауадай қажет. Заман ағымына қарай оқырман талабы да күшейіп келеді. Тек мәтіндік қана емес, мультимедиялық яғни, аудио, бейнематериалдарды контентке деген сұраныс жоғары. Сол себепті де SARYARQANEWS.KZ агенттігін әмбебап ақпарат алаңына айналдыру жоспарлап отырмыз, - деді «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахмет.

Соңғы бір жылда әлемді шарпыған пандемияға байланысты «COVID-19» айдары ашылған. Аталған бөлімдерде жалпы эпидемиологиялық ахуалға байланысты жедел әрі сапалы ақпарат беріледі.

Порталдың сілтемесі: https://saryarqanews.kz/kz


Кейін қарай