Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Шілде, 2020

861

Қарағанды: Еріктілер игілікті іс атқарды

Бүгін "Қарағанды облысы кәріс этномәдени бірлестігінің" өкілдері Қарағанды Медицина университетінің вирус жұқтырған науқастарға арнайы берген жатақханасына барып, ыстық тамақ пен сусын үйлестіріп қайтты.


Емделушілер мен бастаманы қолдаған оқу орынының басшылығы ҚХА мүшелеріне ризашылығын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.


Бірлестік төрайымы Лилия Ким: "Мұндай іс біздің бірге, біртұтас халық екенімізді танытады әрі жастарды мейірімділікке тәрбиелейді. Баршамызды уайымға салған бұл індет қабырғалы елімізге оңай тимей тұр ғой. Қандай сын басқа түссе де алдағы күнге сеніммен, бірлікпен барамыз. Ұлт саулығы бәрінен де маңызды. Жерлестерімізді карантин талаптарын сақтап, тәртіпке бағынуға шақырамын. Біз біргеміз!" - дейді.

ҚХА мүшелерінің қайырымдылық шаралары мұнымен шектелмейді.

Кейін қарай