
22 Қаңтар, 2021
401
Қарағанды оқушыларына КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау туралы сабақ өтті
Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы гимназия мектебі мен облыстық Ассамблеяның «КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау» тақырыбында бірлескен сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, этносаралық татулыққа тәрбиелеу. 9-сынып оқушыларына депортация туралы түрлі бейнематериалдар, жер аударылғандардың ұрпақтарымен болған сұхбаттар ұсынылды.
Әрі қарай Достық үйінің қызметкерлері мұражайға онлайн-экскурсия жасап, ұлттық киімдер мен әр түрлі этностардың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілді. Сондай-ақ, олардың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы мағұлмат берілді.
«Бүгінгі сабақ мазмұнды және қызықты өтті. Біз мектеп бағдарламасы бойынша депортация тақырыбын өтіп жатырмыз. Қазақстан - 100-ден астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан біртұтас мемлекет. Бұл - біздің бірегейлігіміз және жас ұрпақ үшін елдің тарихын, этностар тарихын білу өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы «Тәуелсіздік бірінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, басты құндылық - ел бірлігі. Ол «Біз көпұлттылығымызды артықшылыққа айналдыра алдық» деді, бұған қоса, «тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы» бола білген Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды ролін атап өтті», - дейді тарих пәнінің мұғалімі Гүлзат Ахметова.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті