Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2022

342

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында бірінші кезектегі міндеттер талқыланды

Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың және Қарағанды облысының әкімі М.Қасымбектің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты тақырыпта Қарағанды ​​облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.

Сондай-ақ шараға мемлекеттік органдардың, облыстағы этномәдени бірлестіктердің, облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдарының, ғылыми-сараптамалық топтың, жастар қанатының өкілдері қатысты.

Облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұлов баяндама жасады. Өз сөзінде Төрағаның орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру мәселелерін атап өтті.


Ұйымның тиімділігін арттыру бойынша өте маңызды міндеттер қойылғаны атап өтілді.

Осылайша, ХХХІ сессияның шешімдерінде жұмыстың үш бағыты қарастырылған:

Біріншісі – саяси реформаларды жүзеге асырудағы ҚХА рөлін күшейту.

Екіншісі – ақпараттық жұмысты күшейту және ҚХА-ның қоғамдық әлеуетін белсендіру.

Үшіншісі – құқық қорғау қызметін күшейту.

Спикердің айтуынша, Ассамблея құрылымдары ел Президентінің бастамасымен қолға алынған Саяси реформалар бағдарламасын, оның стратегиялық мәнін түсіндіруге белсене араласуы керек.

Достық үйлері Ассамблея жобаларын жүзеге асыру үшін ресурстық орталықтар мен жобалық кеңселерге айналуы керектігі айтылды. М.Әзілханов Ассамблея арқылы жүзеге асырылып жатқан республикалық жобаларға жеке тоқталды.

ҚХА Республикалық Аналар кеңесі аналарды рухани тәрбиелеу мен жан-жақты дамытуға бағытталған «Мәдениет ана – Мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыруда. Бірінші жартыжылдықта 345 іс-шара өткізіліп, оған 84 мыңға жуық адам қатысты.

Ассамблеяның жастар қанатының жұмысын жандандыру аясында ағымдағы жылдың басынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде өкілдіктері бар «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеуде. Бүгінгі күні «Жастар ассамблеясы» аясында 100 мыңнан астам адамды қамтыған 500-ден астам көп форматты іс-шара өткізілді.

Ассамблея мен оның жергілікті құрылымдары мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

Дәстүрге айналған іс-шаралармен қатар, әңгімелесу клубтары сияқты жаңа форматтарда акциялар жүзеге асырылуда.

Институционалдық міндеттер тұрғысында этномәдени бірлестіктерді ағымдағы аккредитациялаудың маңыздылығы көрсетілген.

Сонымен қатар, сарапшыларды ғылыми-зерттеу қызметіне және этносаясат бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеуге тарту міндеті жаңартылды. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары жұмысының келесі маңызды бағыты адам құқықтары жөніндегі іс-шараларға кеңінен қатысу, жанжалдардың алдын алу және жанжалдан кейінгі белсенді реттеу, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен күрес, сондай-ақ әйелдерге мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу болып табылады.


Жұмысымыздың жаңа бағыты – этномедиаторларды даярлау. Бүгінгі таңда этно-медиатор-келіссөз жүргізушілерді оқыту, сондай-ақ аудандық деңгейге дейін мемлекеттік қызметшілерді медиация дағдыларына оқыту қалай ұйымдастырылатыны туралы жүйелі көзқарас әзірленді.

Практикалық кейстерді ескере отырып, пилоттық режимде Жамбыл облысында сынақтан өткен оқу бағдарламасы әзірленді, ал бұл күндері Қостанай облысында курстар өтуде. Президенттің тапсырмасына сәйкес, мұндай курстар еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылуы тиіс.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, мұндай курстар еліміздің барлық өңірлерінде, ең алдымен, көп ұлтты аймақтарда ұйымдастырылуы тиіс.

ҚХА Төрағасының орынбасары Ассамблея қызметін жария ету және жалпы ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау мәселелеріне де назар аударды. Атқарылып жатқан жұмыстың әсерін көрсету, материалды берудің өзінде жұмыс істеу, өмір сүрген оқиғалар мен қаһармандар туралы әңгімелеудің маңыздылығы айтылды.

Сессия барысында атқарып жатқан жұмыстары мен жобалары жайында Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Б. Молотов-Лучанский, тілдерді оқытудың жеке орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Алмагүл Игенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Елена Филинкова атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады , "Ассамблея жастары" республикалық ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Жұмырбаев Тимур, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихшы ғалымы Жұмабеков Жамбыл, "Азамат" ҚБ төрағасы, Қарқаралы қалалық мәслихатының депутаты Рахымбек Дәурен сөз сөйледі.

Сессия соңында этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін облыстық Ассамблея белсенділері алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, М.Алмасұлы Қарағанды облысының кәріс ЭМБ ардагері 90 жастағы Тен Шер- воны және облыстың аналар кеңесінің құрметті мүшесі Нұрмағамбетова Салима Нұрмағанбетқызын мерейтойларымен құттықтап, ҚХА Алғыс хатын табыстап, иықтарына камзол жапты.

Сессия аясында Марат Әзілханов облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің «Шаңырақ» орталығының қызметімен танысып, «Қазақша сөйлейік» мемлекеттік тілді оқыту көрмесін тамашалады. Сонымен қатар Достық үйінде Марат Әзілхановтың Облыстың аналар кеңесі мүшелерімен, "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдерімен кездесуі өтті. Марат Алмасұлы Достық үйінің жұмысымен танысып, Аналар кеңесі жанындағы "Ісмер" клубында, "Мәмле" ситуациялық қазақ тілі клубында болып, клуб мүшелерімен сұхбаттасты.

Кейін қарай