Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2020

2386

Қарағанды облысы Достық үйінің жаңа басшысы тағайындалды

Қарағандыдағы Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесті.


Оның барысында мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекет мәселелері бойынша пікір алмасулар болды, халық бірлігіне қауіп төндіретін кез келген әрекеттерді анықтау және болдырмау жөніндегі алдын алу жұмысын күшейту туралы пікірлер айтылды.

Сонымен қатар аймақ басшысының орынбасары «Қоғамдық келісім» КММ жаңа директоры - Бекмұрзаев Бахтияр Перналиұлын ұжымға таныстырды.

Тағайындалғанға дейін Б. Бекмұрзаев «Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығы» КММ директоры болып қызмет атқарды.


Кейін қарай