
04 Тамыз, 2021
552
Қарағанды облысындағы 189 Аналар кеңесі белсенді жұмыс жасап келеді
2021 жылы Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің құрамында 20, ал аймақ бойынша 1111 адам тіркелген. Жалпы облыс бойынша 189 Аналар кеңесі жұмыс атқарып келеді.
«Біз біргеміз!», «Мың алғыс», «Үйде отыр», «Жақыныңа жанашыр бол», мен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«30 игі іс» акциясы аясында жұмыссыздықты жою, кәсіп көзін ашу және аналарды қолдау мақсатында «Аналардың қолымен-Руками наших мам» жәрмеңкесі ұйымдастырылса, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тегін шеберлік сабақтары мен әр мереке сайын «Мерекелік дастархан» ұсынылады.
Отбасы құндылығын арттыру мақсатында білім, балалар үйімен, көпбалалы, жалғызбасты аналармен және аз ошақтарымен қамтылған отбасылармен «Ұл бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас», «Бесік жыры», «Әжемнің ертегісі», «Отбасы - жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі» сияқты отбасын сақтап қалу, отбасындағы зорлық-зомбылықты жою мақсатында «Неке және отбасы» тақырыбында кәсіби заңгер, кәсіби медиаторлармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижесін беруде. Сонымен қатар, этносаралық ауызбіршілікті дәріптеу және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Бір шаңырақ астында» акциясы қолға алынып, жыл бойына интернационал отбасылардың өмір-жолынан бейне-түсірілім жасау қолға алынған.
«Еститін мемлекет» бағдарламасы бойынша, «Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер» тақырыбында жергілікті мемлекет органдарымен, облыс әкімінің орынбасарымен кездесулер өткізіліп, «Қаржылық сауаттылық», «Табысты ана» сияқты тренингтерді және «Ораза әдебі», «Жат ағымдар» тақырыбындағы діни экстремизмге байланысты іс-шараларды ұдайы өткізу дәстүрге айналған.
Қазіргі таңда Аналар кеңесі аймақтарды қоса алғанда ел мүддесі үшін салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеуде және үлгілі отбасы бейнесін қалыптастыруда барынша ауқымды шаралар атқарылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы