Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Мамыр, 2020

255

Қарағанды: ҚХА саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай екі байқау жариялайды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – Қазақстан тарихындағы айтулы дата болып табылады.

Халқымыздың басынан өткен төл тарихының белгісіз беттерін терең ұғыну, өткенге құрмет көрсету мақсатындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Қарағанды облысы Ассамблеясы әлеуметтік желілерде #Алаш Арыстары интерактивті байқауын бастайды. 25-31 мамыр аралығында тәулік бойы Facebook Қарағанды Облысы Қазақстан Ассамблеясы және инстаграмм ank_karaganda парақшаларында 3 сауалдан жарияланады. Жеңімпаздар Қарағанды облысы ҚХА атынан сыйлыққа ие болады.

Бұған қоса, жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту мақсатында мектеп оқушылары арасында «Алғысым саған, Қазақстан» эссе конкурсын өткізуде. Жалпы эссе келесі бағыттарды қамтиды:

- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық куәгерлерінің әңгімелері ұрпақтарының естеліктері;

- «Рухани жаңғыру»: тарихтан тағылым - өткенге тағзым;

- Тарихты есте сақтау - азаматтық бірегейлікті және бірлікті шоғырландырудың негізгі;

- Қазақстанға жер аудару: сынақта шыңдалған ортақ тағдыр.

Әлбетте, байқауға қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрылады. Сондай ақ, мазмұны мен идеясы, тақырыпты толық аша білу; шығармада тарихи тұлғаның өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуіне, грамматикалық сауаттылық баса назар аударылады.

Кейін қарай