Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2021

615

Қарағандыда 700-ден аса бала қатысқан сурет байқауы қорытындыланды

Достық үйінде «Қарағанды ​​облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҮЕҰ және «Қарағанды ​​облысының әйелдер күштері Альянсы» ұйымдастырған «Бір шаңырақ астында» 6-15 жас аралығындағы балалар сурет байқауы өтті. Бұл шығармашылық байқауға оннан аса жеке компаниялар демеуші болды. Ал облыстық Ассамблея мен «Қарағанды ​​облысының білім басқармасы» қолдау көрсетті. Аймақ бойынша байқауға Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Абай т.б қалалардан барлығы 782 бала қатысты.

Байқаудың мақсаты - балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, баланы компьютерге тәуелді болудан арылту, отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды сақтау, Қазақстанның көп ұлттығын насихаттау, достықты балалардың көзімен көру.

Жасөспірімдердің шығармашылық қарым-қабілетін ашқан сайыстың қазылар алқасы танымал суретшілерден, дизайнерлерден және өнер саласының оқытушыларынан құралған болатын. Үш жас санаты бойынша бірінші орын иелеріне смарт-сағаттар берілді. Екінші және үшінші орын иелеріне мольберттер мен көркем жинақ, демеушілерден бөлек сыйлықтар және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Кейін қарай