02 Желтоқсан, 2021
522
Қарағандыда академиялық оркестр мен ҚХА бірлескен салтанатты шара ұйымдастырылды
Қарағандының Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының, Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен салтанатты концерті өтті.
Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкен маңызды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік алғалы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетте жүрген қандастарымыздың тағдырынан бір сәтте қол үзбегенін атап өтті. Сондай ақ, қандастармен бірге елге мәдени-рухани құндылықтарымыз да оралып, ұлттық мәдениетіміздің дамуында тың тыныс, жаңа өріс пайда болды, деді.
Концертте өнерпаздар көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындады. Тағдыр тәлкегімен әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан қандастарымыздың отанына оралуына ұйытқы болып, мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліп отырған елдердің бірі – Қазақстан. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарыдай шашылған қазақтың бір шаңырақтың астына жиналуына айрықша ден қойды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз», – деген сөзінің астарында ұлы мақсаттар жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
ҚХА білім беру бағдарламасының қатысушылары «Қазақ газеттері» жұмысымен танысты
-
Марат Әзілханов «Союз казаков степного края» жетекшісі Н. Коваленкомен кездесті
-
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді