Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2021

326

Қарағандыда академиялық оркестр мен ҚХА бірлескен салтанатты шара ұйымдастырылды

Қарағандының Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының, Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен салтанатты концерті өтті.

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкен маңызды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік алғалы Дүние­жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетте жүрген қандас­тарымыздың тағдырынан бір сәтте қол үзбегенін атап өтті. Сондай ақ, қандастармен бірге елге мәдени-рухани құндылықтарымыз да оралып, ұлттық мәдениетіміздің дамуында тың тыныс, жаңа өріс пайда болды, деді.


Концертте өнерпаздар көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындады. Тағдыр тәлкегімен әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан қандастарымыздың отанына оралуына ұйытқы болып, мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліп отырған елдердің бірі – Қазақстан. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарыдай шашылған қазақтың бір шаңырақтың астына жиналуына айрықша ден қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың: «Дүниежүзіндегі қандастарымыз­дың басын туған жерде біріктіру – біздің қа­сиет­­­ті парызымыз», – деген сөзінің астарында ұлы мақсаттар жатыр.

Кейін қарай