Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қыркүйек, 2023

228

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 14 қыркүйекте Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында және 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Сессия жұмысына діни конфессиялардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдерінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ҚХА мүшелері мен жастар қанаты қатысты.

Сессия жұмысын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Әліқұлов ашты. Ол бірлік, тұрақтылық пен даму - мемлекеттің тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін қазақстандықтардың басты құндылықтары екенін айрықша атап өтті.


Бұдан әрі этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXII сессиясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Бикенов баяндама жасады. Баяндамашы түрлі этнос өкілдерімен бірлесіп жүргізілетін жұмыс бағыттары мен алдағы іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, сессия барысында өңірдің танымал қоғам қайраткерлері арасынан сөз сөйлеген бірқатар спикерлер «Бірлік- біртұтас елде ғана болады» деген қағиданы қолдайтындарын жеткізді. Өз кезегінде, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз орталықтарының қызметі жайлы айта отырып, жастарды тәрбиелеу және мемлекеттік тілді үйрену мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қарағанды облысының корей этномәдени бірлестігінің басшысы Л.Ким қатысушыларды ҚР Президенті қойған міндеттердің орындалу барысымен таныстырып, Корея Республикасы елшілігі делегациясының облыстық Достық үйінде қонаққа барып, ұлттық музыкалық аспаптар мен костюмдерді сыйға тартқанын тілге тиек етті. Одан кейін спикер сессияға қатысушыларды ҚХА қолдауымен К.Станиславский атындағы театрда өтетін Қарттар күніне арналған қойылымдарға шақырды. Л.Ким өткен жылы өзінің 90 жылдығын атап өткен корей театрының қайырымдылық гастрольдері ҚХА XXXII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының тапсырмаларын орындау аясында өтіп жатқанын атап өтті.

Қарағанды облысының ҚХА жастар қанаты да өзінің әлеуметтік белсенділігін көрсетіп, өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өткізуге бастамашы бола отырып, әрдайым республикалық және өңірлік іс-шараларға қатысатынын атап өткен жөн. Жастар қанатының өкілдері облыстық жарқын өкілдерінің бірі ретінде Президенттің жастар кадрлық резервіне өткізілетін конкурстық іріктеуге қызығушылық танытты. Өз кезегінде кадр резервіне үшінші іріктеуі бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Наурызбаев толық ақпарат бере отырып, үміткерлермен әңгімелесу салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетінін атап өтті.

«Бұл іріктеудің ерекшелігі мынадай: Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; Сыртқы саясат және инвестициялар; Экономикалық және қаржылық саясат; Цифрландыру; Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам секілді бағыттар бойынша мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып нысаналы іріктеу жүргізу болып табылады», - деді ол.

Спикердің ақпараты кадр резервіне конкурстық іріктеуден өтіп жатқан өңір жастарының өкілдері арасында жағымды пікір тауып, олар іс-шара соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Сессияның келесі спикері әскери қызметші В.Горизанов елімізде мемлекеттік тілге көшу – қарқынды дамып келе жатқанын, Мемлекет басшысы әскери бөлімдер мен мекемелерде мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін және ол үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтып өтті. Спикер ұлты бойынша орыс, бірақ қазақ тілі өзінің ана тілі деп санайтынына және мемлекеттік тілді дамытуға бар күшін салатынына ерекше тоқталды.

Сессия соңында облыстық Ассамблея белсенділері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.



Кейін қарай