Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

120

Қарағандыда Конститутция күніне орай қала тұрғындарына сыйлық табысталды

Кеншілер қаласы Қарағандыда Конституция күніне орай акция өтті. ҚХА еріктілерінің бастамасымен қала тұрғындарына мереке қарсаңында құттықтау хаттар мен магнит жапсырмалары тарту етілді. Күнделікті тірлікпен жұмысқа не оқуға асығып бара жатқан қарағандылықтарға кішігірім сыйдың жақсы көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.


Аталған акция коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда еліміздің негізгі құжаты Ата Заң қабылданды. Биыл Қазақстан Конституциясына 26 жыл.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы ол - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы», - деп атап өткендей, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әрбір азаматтың сөз және пікір, діни бостандығына құқығы бар. Сондай-ақ Ата заңымызда елдің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, құқық үстемдігі және демократия қағидаттары негізделген. Еліміздің болашағы, бізге, жастарға байланысты. Біздің басты құндылықтарымыз – бірлік, бейбітшілік пен келісім. Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймыз", - деп Ассамблеяның жас мүшелері тілегін білдірді.


Кейін қарай