
20 Қараша, 2020
1004
Қарағандыда «Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі мәдени-тілдік ортаны үйлестіруге, рухани ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше ілкімді жобаларды дәстүрлі түрде жүзеге асырып келеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасынан тамыр тартқан «Қазақтану», «Ұлы Дала елі», қатпарлы тарихымызды танып-білуге, азаматтық бірегейлікті және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін дамытуды көздеген «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» т.б жобалары өтті. Бұл республикалық деңгейдегі ілкімді жобалардың барлығында өңірлердегі этномәдени бірлестік өкілдері, білім ордалары ниет білдіріп, белсенді түрде араласады. Солардың бірі де бірегейі -жастардың арасында рухани тұрақтылықты дамыту және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және этнос өкілдеріне қазақ халқының дәстүрін, тарихын насихаттау мақсатында өтетін «Мың бала» жобасы.
Биылғы еліміздегі эпидимиологиялық ахуалды ескере отырып, Қарағанды облысында онлайн түрде өткен аталмыш байқауға қала, аудандардан мыңға жуық 15-23 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері, жоғары, орта арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары үміткер болды. Нәтижесінде өңірімізден жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған екі үздік қатысушы республикалық байқауға ұсынылған болатын.
20 қараша күні ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың, ҚХА төрағасының орынбасары Майя Бекбаеваның, «Қоғамдық келісім» РММ басшысы Ербол Шәуеновтың, өңірлік Ассамблея мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен республикалық байқаудың марапаттау салатанаты ZOOM алаңында өтті.
Еліміздің барлық аймақтарынан мемлекеттік тілде сөз өнерінің мерейін үстем еткен жас этностар онлайн шарада бас қосып, «Асыл сөз», «Тіл мектебі», «Абай-175» номинациялары бойынша жүлделі орындарымен марапатталды.
Қарағанды облысынан тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева мен «Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» акциясы бойынша үздік болған Бұқар жырау ауданы, Тасшоқы ауылы орта мектебінің оқушысы Минара Гучигова алғыс хаттар мен бағалы сыйлыққа ие болды.
«Қазақ тілін жетік меңгеру қоғам қажеттілігі, заман талабы және ең бастысы – Отанға деген, қазақ халқына деген құрмет деп білемін» ,-дейді Минара Гучигова.
Жалпы биыл кенді өңірде мемлекеттік тілге қатысты онлайн форматта іс-шаралар, бейнеролик байқаулар, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына челлендждер ұйымдастырылған болатын. Сондай ақ, «Бірге өмір сүру», «Менің Қазақстаным» жобалары әлеуметтік желілерде оң пікірлер жинап үлгерді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады