Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2015

937

Қарағандыда «Шма, Исраэль» әні айтылды

Күн шуағы төгілген 28 маусым күні Станиславский атындағы театрда жарқын жаздай шуақты іс-шара – балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XI халықаралық еврей фестивалі Freilihe Kinder болып өтті. Бұл тек еврей этносының өкілдері үшін ғана емес, қонақжай Қарағандыға Қазақстанның барлық өңірінен және ТМД елдерінен келген жас таланттар мен оларды бағалаушылар үшін есте қаларлық іс-шара болды.  

Күн шуағы төгілген 28 маусым күні Станиславский атындағы театрда жарқын жаздай шуақты іс-шара – балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XI халықаралық еврей фестивалі “Freilihe Kinder” болып өтті. Бұл тек еврей этносының өкілдері үшін ғана емес, қонақжай Қарағандыға Қазақстанның барлық өңірінен және ТМД елдерінен келген жас таланттар мен оларды бағалаушылар үшін есте қаларлық іс-шара болды. 

Міне, он бір жылдан бері кеншілер отаны басқа өңірлер мен көршілес республикалардан шығармашылық қуанышын сыйлап, өнерін бөлісуге келгендерді құшақ жая қарсы алуда. Фестивальда еврей этносынан шыққан талантты жастар өздерінің мәдени жетістіктерін көпке ұсынады. 

Фестиваль — ортақ жетістік. Оның дамуына еврей мәдени орталықтары ғана емес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты беделді ұйымдар қатысып, біздің ұлы үйіміз – біздің республикамызда өзінің діні, салты мен дәстүрі бойынша ерекшеленетін түрлі халықтар тату-тәтті өмір сүріп отырғанын тағы да дәлелдей түсуде. 

Фестивальды ұйымдастырушылар еврей қаласының қасиетті кітабы  Тора адамдарды өз Отаны үшін мінажат етуге үйрететінін атап көрсетті. Қазақстандық еврейлер бұл дәстүрді сақтап, Отандарын сүйеді және оның алдындағы парызын өтейді. Биылғы фестивальдың айтулы дата  — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналуы кездейсоқ емес. 

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ерлан Бейсембайұлы Құсайын фестивальда құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол:

- “Freilihe Kinder” – бұл түрлі елдер мен қалалардың жастарының басын қосып, бірлікте және келісімде күн кешуді үйрететін іс-шара.   Фестиваль жас ұрпақтың бойында өз мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеп, талантты ұжымдар мен орындаушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетеді, жастардың кәсіби шығармашылығын дамытады. Сіздерге шын көңілден табыс, өркендей берулеріңізге тілектестік білдіремін! – деді.   

Сондай-ақ фестивальде Қазақстанның еврей қауымдастығының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі  Александр Барон мен Қарағанды мен Қарағанды облысының раввині   Ашер Тумарлин қатысты. Олар да бұл оқиғаның мәні мен маңызын айта келе, еврей халқының мәңгілік құндылықтарын – бейбітшілік пен келісімді, дәстүрлерді сақтау мен ата-бабалар өсиеттерін орындауға қарай жасалған қадам деп атап көрсетті.  

Гала-концертке Ақтөбе, Петропавловск, Қостанай, Алматы, Тараз, Шымкент, Семей, Ресей, Өзбекстан мен Украинадан келіп қатысушылар жиырма нөмір көрсетті. «Шма, Исраэль» сияқты дәстүрлі еврей әндері айтылды; ұлттық билер, олардың ішінде атақты «Хава нагила» да бар, биленді. Қатысушылар қазіргі заманғы билерді, халықтар достығы көрінісіндегі билерге, жеке орындауларға да көңіл бөлді.  Әрбір жеке орындаушы да, ұжымдар да өз дарындарын, жастыққа тән көңілді серпінді, қуат-күшті және көрермендерге деген құрметті танытты.  

Бізге осындай мереке сыйлағандар туралы жеке айту парыз. Әрине, егер фестивальдың өтуіне тілектес болып, көмектескен демеушілер болмаса, ол мұндай жемісті болмас еді. “Freilihe Kinder” ұйымдастырушылары америкалық еврейлік «ДЖОЙНТ» бөлу комитетіне, Еуроазиалық еврей конгресіне, Қазақстанның еврей ұйымдарының «МИЦВА» қауымдастығына ризашылығын білдіреді – солардың көмегінің арқасында мереке көз қуантып, көңіл тербетер оқиғаға айналды. 

Мереке туралы әңгімемізді гала-концертте оқылып,  фестивальдың ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық этностардың рухы мен ортақ пікірін білдіретін өлеңмен аяқтаған жөн деп ойлаймыз:  

«Земляки! Казахстанцы! Мы единый народ,

Президентом объявлен этот значимый год

Торжеством ассамблеи народа страны.

Толерантностью, дружбой объединены.

 

Пусть в согласии, мире дети, внуки растут

И сограждане наши память прошлого чтут.

Наша память — единство и в ней сплетены

Прошлое с настоящим современной страны».

Сөзімізді фестивальға қатысы барлардың бәріне ежелгі еврей дәстүрі бойынша - «Меа ве эсрим!» - «Жүз жиырма жыл жасаңыз!» деген тілекпен аяқтағымыз келеді.

 

 

Кейін қарай