Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қазан, 2020

537

Қарағандыда түрлі этнос өкілдері HalyQuiz зияткерлік ойынына белсене қатысты

Қарағанды қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында қазақ халқының озық салт-дәстүрлері мен тарихын дәріптеу мақсатында HalyQuiz зияткерлік ойыны өтті.


Ойынға неміс, корей, поляк, тәжік, литва және шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінен құралған алты команда қатысты. Ойын барысында поляк бірлестігінің "SowA" командасы қазақ халқының тарихын жақсы білетіндігімен ерекшеленіп, шапшаңдығымен көзге түсіп, жүлделі 1 орынды ұтып алды. Ал, "Мугунхва" корейлер командасы Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабиге арналған барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, екінші сатыдан көрінді.


Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Шакарбек Норматовтың басшылығымен құрылған "Персеполис" командасы корейлерден бір баллға ғана артта қалып, 3 жүлделі орынға ие болды.

Зияткерлік ойынның арқасында қатысушылар өз білімдерін жетілдірді.

Үздік командалар дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды. Еске салайық, Ойын барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.


Кейін қарай