30 Қараша, 2015
977
Қарағандыда Тұңғыш Президент күні аталып өтті
30 қараша Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – біреу, ел-жұрты - тіреу» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
30 қараша Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – біреу, ел-жұрты - тіреу» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға ардагерлер, облыстық Мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, озат жұмысшылар, өнеркәсіпшілер, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
30 қараша күні Мемлекет басшысының Жолдауымен қатар келген аталмыш шараның маңыздылығы арта түсті. Қазақстан Республикасының халық әртісі – Ескендір Өтегенұлы Хасангалиев қарағандылықтарды бұл ерекше мейраммен арнайы құттықтап келді. Елбасының еңбек жолында қызметтес болған Ермек Төлеубаев, Виктор Никонов, Қуаныш Омашев, Нина Вахитова, Тоқтархан Ысқақов, Алтынбек Асанов шараның құрметті қонақтары болды. Олар Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге өткен жылдардың қайталанбас естеліктерімен бөлісті.
Мемлекет басшысының өміршең бастамасының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бебітшілігіміздің баянды болуына орасан зор үлес қосып келе жатқан қоғамдық институт, қазіргі таңда этностар татулығының, азаматтық келісімнің, толеранттылықтың берік іргетасы. Тұңғыш Президент күніне арналған бұл шараға облыста этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдары ерекше дайындалған болатын. «Земля Казахстана» патриоттық әнін орындағанда, көрермен қауым тәнті болды.
Қарағанды облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев құттықтау сөзінде бүгінгі күннің басты шарасы – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына ХХ Жолдауын жария етуі екенін айрықша атап өтті. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік бағытын айқындап беретін аталмыш құжат – еліміздің тұрақты дамуының кепілі деп баса айтты.
Шарада жас бүлдіршіндер, өнер адамдары Елбасы мен отанымызға арнап ән-күйден шашу шашты.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50