15 Қараша, 2015
1635
Қарағандыда «Украин әндері кеші» ерекше серпінмен өткізілді
14 қараша Қарағанды қ. «Достар Әлем» қонақ үйі кешенінде Қарағанды қаласы Украина консулдығы және украиндық бизнесмен-демеушілердің жан-жақты қолдауымен Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі қоғамы ұйымдастырған «Украина әндері кеші» өтті.
14 қараша Қарағанды қ. «Достар Әлем» қонақ үйі кешенінде Қарағанды қаласы Украина консулдығы және украиндық бизнесмен-демеушілердің жан-жақты қолдауымен Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі қоғамы ұйымдастырған «Украина әндері кеші» өтті.
Кешке облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының төрағасы Ерлан Құсайын, Украинаның Қарағанды қ. құрметті консулы Ерлан Досмағамбетов, Қазақстандағы Украина Елшілігінің өкілі Леонид Ясинский, Сәтпаев қ. украина этномәдени бірлестігінің төрағасы Роман Бурда, Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы Петр Ломей, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Рапиков, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Украинаның Қарағанды қ. құрметті консулы Ерлан Сұлтанұлы өз сөзінде «Рідне слово» этномәдени бірлестігінің облыстағы этнос өкілдерін бірге шоғырландырып, ұлттық біртектілік пен мәдени құндылықтарды сақтап, насихаттауда, ана тілін дамытуда, Қазақстан халқының достығын нығайтуда зор еңбектер атқарып жатқанын ерекше атап өтті. Болашақта этнос өкілдерінің әлеуметтік жағынан дамып, үлкен жетістіктерге жететіне тілектес екенін білдірді.
Ерлан Бейсембайұлы құттықтау сөзінде: «Бүгінгі атаулы шара Қазақстандағы халықтардың өз мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға зор мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Осы мүмкіндіктер қазақстандық біртектілік пен бірліктің нағыз дәлелі», - деді.
Қазақстандағы Украина Елшілігінің қызметкерлері де этнос өкілдерін мерекемен құттықтап, Украинадан келген естелік сыйлықтарын бірлестік төрағасы мен мүшелеріне табыс етті.
Аталмыш кештің мақсаты - тіл, тарих пен мәдениетті дамытып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпттарды қайта жаңғырту.
Мерекелік шарада этномәдени бірлестік жанынан құрылған ардагерлер хоры, вокалдық топ және хореографиялық ансамбль өнер көрсетті.
Ән кешінің шымылдығын шығармашылық ұжым Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» лирикалық әнімен ашып, әрі қарай украин халық әндерімен жалғастырды. Көрермендер сахна төрінде қойылған ұлттық бидің ең үздік үлгілерін тамашалады. Кеш барысында украин ұлттық киімдерімен таныстырған слайд-шоу көрсетіліп, украина халқының дамуына ерен еңбегі сіңген, танымал тұлғалардың өмір-баянына байланысты викторина өтті.
Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі бірлестігі 1991 жылдан бері қызметін жалғасытырып келеді.
Қоғамдық бірлестік облыста өткізілетін этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, халықтар достығын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға белсенді атсалысушы. Түрлі жастағы украин өкілдері дайындалатын демалыс мектептерін ашып, Қарағанды мектеп оқушылары арасында ұдайы байқаулар ұйымдастырып тұрады. Ардагерлер мен аз қамтылған азаматтарға көмек қол ұшын беріп, қайырымдылық акцияларынан тыс қалған емес.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Қарағандыда медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді
-
Қарағандыда «Қазақтану» лекторийі өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Қарағандыда медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді
-
Қарағандыда «Қазақтану» лекторийі өтті