Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Тамыз, 2016

1041

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КҮНІ

5 тамызда Медиация күні республикалық акциясы аясында Достық үйінің конференц-залында медиация туралы заңның қабылдануына бес жыл толуына байланысты «Ведомствоаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасы арқылы  «Медиация туралы» заңын Қарағанды облысы бойынша  енгізу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Диалог» дауларды шешу орталығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков, Қарағанды облыстық прокуратурасы төртінші басқармасының басшысы Арыстанбеков Әсет, облыстық департаменттер мен басқармалардың, сонымен қатар, облыстық этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері,  медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде облыстық медиация кеңесінің құрылуы, шиеліністерді сотқа дейін, сот ісін қарау сатыларында шешудің жолдарының нақты мысалдарын талқылау, жалпы медиация институтының дамуына үлес қосу мәселелері  қаралды.

Облыстық Ассамблея Хатшылығының жетекшісі Ерлан Құсайынның мәлімдеуінше, Елбасы «100 нақты қадам» бағдарламасын ұсынған соң, Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық тұтастықты сақтаудағы ролін аңықтау үшін жаңа концептуалды тәсілдеме бекітті.

«Ассамблеяға медиция институты координаторының ролі берілген. Қазақстан халқы Ассамблеясының даму Концепциясына байланысты (2025 жылға дейін) облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы және Қарағанды облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Достық үйінің базасында медиация орталығын ашты»­­­ – деп хабарлады Ерлан Құсайын өз сөзінде.

«Диалог» дауларды шешу орталығының директоы Татьяна Савицкаяның айтуына қарағанда, медиция тек шиеленісті бейбіт жолмен шешудің тәсілін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, бұл мамандықтың жан-жақтылығы оның тұлғаның қалыптасуына тигізер септігінің арқасында Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарын толықтыруына толықтай мүмкіндік туғызады.

«Медиация туралы заңын» жасаушыларының бірі - Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбековтың айтуынша, Қазақстанда шиеленісті шешудің альтернативті әдісі өзінің эволюциялық үрдісін билер сотынан жолдастық сотқа дейін өтіп, кейін ғана әлемдік тәжірибенің негізінде медиация болып қабылданды. 

Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы  медиация орталығы дауларды  сотқа дейін шешу және сотта қарастырылатын істердің санын азайту мәселелерін мақсат етуде. Жарты жылдың көлемінде Орталық ведомствоаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасының қадамдық бағдарламасы құрылған. Енді оны құқық қорғау органдарымен, білім жүйесімен, кәсіподақ мекемелерімен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, прокуратура мен ішкі саясат басқармаларымен, сонымен қатар, кәсіпкерлер ассоциациялары мен сотпен  бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асыру қажет. 2016 жылдың 25 маусымында Қарағанды облыстық сот мекемесі мен медиация орталығы арасында ынтымақтастық  меморандумына қол қойылған болатын.

«Бүгінгі күні жанжалды шешу әдісін қолдану аясының кеңейтілуі және шиеленістің сот төрағалығынан тыс шешілу жолдарының дамуы  мақсатында, облыстық және аудандық әкімдермен бірігіп, қалалық және аудандық әкімшіліктерде медиация кабинеттері ашылып және ол қызметке зейнеткерлікке шыққан бұрынғы сот төрағалары тартылған. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық әкімшілік жанында 77 медиация кабинеті ашылып, онда кәсіби мамандармен қатар кәсіби емес медиаторлар қызмет атқаруда» – деп  мәлімдеді өз сөзінде Қарағанды облысы сотының судьясы Дмитрий Крюков. Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік мекемелерге облыстық сот қолданатын медиациялық тәсілдің тиімді тұстарын түсіндіретін Ақпараттық хатты жанжалдасып жатқан екі жаққа жіберу әдісін қолдану, сонымен қатар, мемлекеттік қазынадан бұл сала мамандарына қаражат бөлу, әрі бұл әдісті шиеленісті шешудің тиімді жолы ретінде халыққа үгіт-насихат жүргізу ауадай қажет.

Сонымен қатар, Дмитрий Валерьевич өз сөзінің аяғында, бұл тәсілдің халық арасындағы танымалдылығының аздығынан кейбір қиындықтарға ұшырайтынын жасырмады. 

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Ерлан Омарбековтың айтуынша,  жергілікті полиция қызметінің жоспарында медиация кабинеттерінің ашылуы мен медиация Орталығының жұмысы туралы арнайы ақпараттық стендтердің орналастырылуы  көзделген.

Дөңгелек үстелге қатысушыларымен  облыстық медиация Кеңесінің құрамына мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін ғана емес, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік байланысының администраторы ретінде   мемлекеттік мекеме қызметкерлерін енгізуге ұсыныс жасалды. Медиация Кеңесі өз кезегінде облыста бірқалыпты жағдайдың сақталуын, медиацияның халық арасындағы жақсы қабылдануын қадағалап, шиеленістерді шешіп қана қоймай, оларды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерінің жасалуына жауап береді.

Отырысты қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті қамтамасыз ететін медиация орталықтары атқаратын қызметті нығайту қажеттілігі атап көрсетілді.

Бүгінгі күні барша адамзат Елбасы ұсынған қазақстандық толеранттылық  және қоғамдық келісім моделіне қызығушылықтарын білдіруде. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси орнықтылығын дәлелдейді және бұл тұғырда мемлекетіміздің үлкен полиэтникалық аумағы саналатын Қарағанды облыстық Ассамблеясының өзіндік орны бар.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

e-mail: info@kelisim.kz

 

Кейін қарай