Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2021

362

Қарағандыда «Ядролық қарусыз Қазақстан – жасампаздық пен бейбітшілік әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз Қазақстан - жасампаздық пен бейбітшілік әлемі» онлайн дөңгелек үстелі өтті.

Шараға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, Чернобыль атом жарылысының құтқарушылары, Қоғам қайраткері, Халықаралық «Атом» жобасының Құрметті елшісі, суретші Күйіков Кәріпбек Телтайұлы, Қарағанды техникалық университетінің нанотехнология және металлургия кафедрасының доценті т.ғ.к. Саркенов Берік Бейсенұлы, Қарағанды облысы Чернобыльдың аса қауіпті аймақта болған мүгедектер ардагерлер одағы ҚБ төрағасы, атом электростанциясындағы жарылыстың салдарын жоюшы Баекенов Мейрамбек Кәрімұлы, Қарағанды облысы Аналар кеңесінің мүшесі, білім беру саласының ардагері Төлеуханова Күліш Төлеуханқызы, «Дакия» румын мәдени бірлестігі жастар қанатының жетекшісі, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ комплаенс-офицері Урмашов Александр Николаевич, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғам қайраткері Кәріпбек Күйіков антиядролық ұстанымын насихаттаушы ретінде басынан өткен жайттармен бөлісе отырып, Хиросима, Нагасаки қалаларында болғанын, халықпен жүздесіп, мектеп оқушыларымен кездескенін айтты.

Бұдан бөлек, Чернобыль атом электростанциясындағы жарылыстың салдарын жоюшы, дөңгелек үстелге арнайы қатысқан қонақ Мейрамбек Баекенов те өз естеліктерін ортаға салды.

Кейін қарай