17 Маусым, 2021
459
Қарағандыда «Жаныңда жүр жақсы адам» танымдық кездесуі өтті
Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Аналар кеңесінің құрметті төрайымы, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ел бірлігін, ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген тәлімгер, бүгінгі ақ жаулықты әже Сәлима Нұрмағанбетқызымен «Жаныңда жүр жақсы адам» танымдық кездесуі өтті.
Шараға ҚарТУ студенттері мен оқытушылары қатысты. Сәлима Нұрмағанбетқызы өзінің өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстыра отырып, қандай жұмыс атқарса да ел мүддесін ұмытпау керек екенін тілге тиек етті. Жаңа заманға сай білім, ғылымды меңгеріп, жаһандануға жұтылмай, ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығын да баса айтты.
Сонымен қатар, патриотизм, қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі, латын графикасы жайлы студенттермен еркін сұхбат құрып, қазіргі жастардың қоғамда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтынына көз жеткізіп, көңілі марқайды.
Аналар кеңесінің белді өкілі отбасы құндылықтарымен де бөлісті.
“Отбасы – ұлттық мәдени кодтың, моральдық ұстанымдардың және отбасылық дәстүрлердің сақтаушысы. Ал, сол дәстүрлерді жалғайтұғын жастар - тәуелсіз еліміздің ертеңі. Жастармен тығыз байланыс жасау, бағыт- бағдар беру біз үшін ең басты мәселе”,- деп бөлісті Сәлима Нұрмағамбетова.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23