Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Желтоқсан, 2015

1196

Ардагерлер кеңесі Жолдауды талқылады

Елбасы Жолдауы қазір жер-жерде қызу қолдау тауып жатыр. Алдыңғы толқын аға буын да, кейінгі толқын жастар да Жолдау бағыттарын жан-жақты талқылауда.  

Елбасы Жолдауы қазір жер-жерде қызу қолдау тауып жатыр. Алдыңғы толқын аға буын да, кейінгі толқын жастар да Жолдау бағыттарын жан-жақты талқылауда. 

Бүгін «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» қазыналы қарттар кеңесі дөңгелек үстел ұйымдастырып, Елбасы Жолдауындағы басты мәселелерді ортаға  салып, өз ойларымен бөлісті. 

- Жыл сайынғы Жолдаулар Қазақстанның осы күнге дейін қарыштап дамуына септігін тигізді. Соның нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге аса бастады. Әлеуметтік мәселелер назарға алынып, көшіміз түзелді. Қазақстан – 2050 стратегиясындағы мақсаттар мен міндеттер – Қазақстан халқына жаңаша жол сілтеп, Мәңгілік ел болуына негіз болмақ, - деді іс-шара барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңабай Әшімов.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауының еліміз үшін маңызы зор. Онда елімізді дамытудың бесжылдықтарын қамтитын ауқымды жоспар айқындалған. Енді қарттар жыл сайын осы құжатты бағыт-бағдарға ала отырып, кейінгі толқын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелемек.

  

Кейін қарай