07 Қыркүйек, 2015
1101
Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Көкшетау қаласында Республикалық «Асар» акциясы болып өтті. Еріктілер мен Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға қан қысымын өлшеуге арналған тонометр сыйлап, бүгінгі бейбіт күн, ашық аспанымыз үшін алғыстарын білдірді.

Іс шара аясында 20 дан астам ардагер сый құрметке ие болды. Ел аумағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі тойлануы жыл бойы жалғасын тауып келеді. Осындай іс-шаралардың аясында ардагерлерге ерекше назар аударылып, оларды керек-жарақтармен қамтамасыз ету жалғасын табуда. Бүгінде аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы байланыстың үзілмей, жалғасын табуына мұндай кездесулердің маңызы зор екендігін айта кету керек. Осылайша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастар беки түсері сөзсіз.
Ардагерлермен әңгімелесу арқылы жастар «отансүйгіштік», «патриотизм» деген сөздердің тереңіне бойлап, жарқын болашақ үшін 70 жыл бұрын қанды шайқаста жеңіске жеткен бейбіт өмірді сақтауға ұмтылады. Ерекше қамқорлыққа ие болған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері мен еріктілеріне алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Көкшетауда қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлға қошемет көрсетілді
-
Атырау корей этномәдени бірлестігінің ардагері туралы кітаптың тұсауы кесілді
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті