Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Наурыз, 2025

102

ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай "Қоғамдық келісім" мекемесінің қолдауымен қалалық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған «Сен бәрінен қымбаттысың, қымбатты әйел!» атты мерекелікіс-шара өтті.

Мерекелік концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының әйелдер қауымына, көпбалалы аналарға, әжелерге және отбасы құндылықтарын нығайту мен қоғамдағы үйлесімділікке елеулі үлес қосып жүрген барлық әйелдерге арналып ұйымдастырылды.

Концерт барысында әйелдердің мейірімділігі мен парасаты, сұлулығы мен даналығы, олардың өмірдегі орны мен маңызы ерекше атап өтілді. Өнер жұлдыздарының жарқын қойылымдары мен жүрекке жылы құттықтаулар ұсынылып, әуезді әндер мен билер орындалды. Қонақтар тарапынан да құттықтау сөздері айтылып, әйелдерге деген құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында әйелдердің қоғамдағы рөлін ерекше атапөту мақсатында арнайы марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл рәсімде түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер марапатталып, олардың еңбектері мен үлестері жоғары бағаланды.

Айта кетсек, «Хаси-фейшн» ұлттық әйелдер киімдерінің сән көрсетілімі концерттің ажырамас бөлігі болды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық өзбек драма театрының әртістері сахнаға шығып, өздерінің өнерлерімен көрініс қойды. Олар сахнада әйел-аналардың нәзіктігі мен күш-қуатын бейнелейтін өнер туындыларын ұсынды.

Кейін қарай