Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2016

750

«Армысың, Масленица!»

13 наурыз күні Талдықорған қаласында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» алаңында «Армысың, Масленица!» мейрамы    өтті. Іс-шараны Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен КММ «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен облыстық орыс орталығы ұйымдастырды.

Мерекенің салтанатты бөлімінде облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж.Сәдеков, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары М.Көлбаев қала тұрғындары мен қонақтарды мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді.

Масленица - көптен күткен көктемді қарсы алу мерекесі.  Оның ажырамас бөлігі дөңгелек және қызғылт күнге ұқсас – құймақ -   жақсылық нышанын білдіреді.  Бұл күні үй шаруасындағы әйелдер бір-бірінің үйлеріне барып, құймақ пісіріп, мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ, жұртшылық бір-бірінен кешірім сұрап, татуласқан.

Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алуға арналған айтулы мейрамды қала тұрғындары жыл сайын көтеріңкі көңіл-күймен атап өтеді.

Биыл да 3000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтарына құймақ ұсынылып, қысты шығарып салуға арналған театрландырылған көріністер қойылды. Ұлттық ойындар (тоғыз құмалақ, шахмат т.б), байқаулар, спорттық бәсекелер (арқан тарту, гір көтеру, қол күрес т.б) ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, ән-думанмен өткен мерекеде  «Өрнек»,  «Ачимноуль» би ансамбльдері, Ардагерлер хоры, «Полония», «Вайнах», «Зори Семиречья» ансамбльдерінің әншілері және «Қыран» тобы жиналған қауымның ықыласына бөленді.

Дәстүрлі мереке  «Масленицаның»   тұлыпын өртеумен аяқталды, сөйтіп, жұртшылық қыспен қоштасты. 

   

   

   

Кейін қарай