Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2016

875

Қарттарға құрмет көрсетілді

Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филиалы, Маңғыстау энергетикалық колледжі және «Нұрбанк» АҚ Ақтау қалалық филиалы қарттарға қайырымдылық жасады.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне барып, қарияларға тәттілер үлестіріп, шағын концерттік бағдарлама қойып, олардың көңілін көтерді.

- Біздің мақсат – қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, - дейді Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филиалының төрайымы Раиса Маденова.- Біз жыл сайын дәстүрлі түрде қарттар үйіндегі қарияларға келіп, олардың хал-жағдайын сұрап, концерттік бағдарлама қойып береміз. Биыл да сол әдетімізден жаңылмай қарттарға қайта келдік. Игі ісіміз арқылы қаншама қамкөңіл жандардың жүрегіне ізгілік нұры себіледі деген ойдамын.

Концерттік бағдарлама барысында өнерпаздар кәрістің ұлттық биін билеп, қазақ, орыс тілдерінде әуелете ән шырқады.

Ұйымдастырушылардың игі істеріне риза болған қариялар алғысын айтып, ақ баталарын берді.

   

   

 

 

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай