
28 Желтоқсан, 2022
342
Қарттар үйіндегі қуаныш
Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Марат Илипов, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев, Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекова мен белсенді мүшесі Майсауер Нұрғалиева Қонаев қаласындағы «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар үйі) болып, Жаңа жылдық тарту ретінде кітаптар табыс етті.
Қонақтарды қуана қарсы алған орталық директоры Нұрғали Тортаев қарттар үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек-қолдаулардың көңіл көншітетіндігін жасырмады.
М.Илипов жабық мекеме болса да, жылы қабылдап, емен-жарқын әңгімелесіп жатқан орталық басшысына алғысын жеткізді. Сонымен қатар орталық тұрғындарының көбі қариялар болғандықтан, көпшілігінің смартфон не тағы басқа құрылғылар арқылы интернет желісін өз дәрежесінде қолдана қоймайтындықтары белгілі жағдай болғандықтан, олардың мерзімді басылымдар мен кітаптарды оқуға мүмкіндіктерінің көп болатындығын ескеріп, Жаңа жыл мерекесіне Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен жарық көрген құнды кітаптарды сыйға тартуды жөн санағандықтарын тілге тиек етті.
Д.Нүсіпбекова мен М.Нұрғалиева мерекелік жылы лебіздерін білдірсе, А.Беспаев облыс орталығына айналған Қонаев қаласының жарқын болашағы жайында сөз қозғап, орталық қызметкерлеріне ақ батасын берді.
Орталық директоры арнайы келіп, мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасап жатқан қонақтарға ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді