Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қазан, 2023

188

Қарттар күнін мерекелеу аясында көшпелі іс-шара ұйымдастырды

Қазақстанда Қарттар күні ресми мерекелер мен атаулы күндерге жатады. Оның негізгі мақсаты аға буын адамдарының проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 5 қазанында Алматы қаласының Республикалық Достық үйі «Ata Yord-Nomad» Әзірбайжан этномәдени бірлестігімен бірлесіп, шешендер мен ингуштар «Вайнах» қауымдастығының, Украин мәдени орталығының өкілдерінің белсенді қатысуымен атаулы күнді мерекелеу аясында көшпелі іс-шара ұйымдастырды.

Ассамблея өкілдері Алматы қаласы Медеу ауданы мүгедектерінің ерікті қоғамына барып, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, концерттік бағдарламамен сөз сөйлеп, оларға сыйлықтар табыс етті.




Кейін қарай