
19 Наурыз, 2016
873
Ғарышкер Ассамблеяда қонақта
Қазақстан ғарышкері, Қазақстанның халық батыры, ӘӘК полковнигі Айдын Айымбетов арлагерлермен және СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов құрметті қонаққа аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі туралы айтып берді.
Ал қонақ болса, ғарыштық сапарындағы әсерлерімен бөлісті. Бұл менің жан дүниемді астан-кестен еткен 10 күн болды, - деді Айдын.
Айдын Айымбетов – қарапайым қазақ отбасынан шыққан, әскери ұшқыш, ҚР ғарышкер-сынақшысы. Оның «жұлдызды сәті» 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажы Байқоңырдан самғай жөнелгенде туған болатын. 10 күн өткен соң Айымбетов ХҒС бойынша әріптестерімен бірге Жерге аман-есен оралды.
Қазақстандықтар Айдын Айымбетовтің есімін алғаш рет 2001 жылы, ғарышкерлер құрамына қабылдау туралы хабарланған кезде естіген болатын. Қазақстандық ғарышкерлер тізімін жалғастыру қажеттілігі жөніндегі бастаманы сол кезде өзінің үшінші ғарыштық сапарына дайындалып жатқан ұшқыш-ғарышкер, Ресей Батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаев көтерген еді.
2000-2002 жылдар ішіндегі алдын ала іріктеуге 700-ден астам қазақстандық қатысты. Оның ішінде 65 адам медициналық тексеруден өтуге жарамды деп танылды және тек үштен бірі ғана Ресейдің «РҒА Медициналық-биологиялық проблемалар институты» мемлекеттік ғылыми орталығының дәрігерлік-сараптамалық комиссиясына жолдама алды.
Клиникалық-физиологиялық тексерудің нәтижесінде екі ғана кандидат, атап айтқанда Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов Ресейдегі Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында (ҒДО) арнайы жаттығудан өтуге жарамды деп танылды.
2003 жылғы 16 маусымнан бастап Айымбетов жалпы ғарыштық дайындыққа кірісті. 2005 жылғы 28 маусымда дайындығын аяқтап, ҒДО-ның мемлекеттік емтиханын «үздік» тапсырды. 2005 жылғы 5 шілдеде Ведомствоаралық біліктілік комиссиясының (ВАБК) шешімімен оған «ғарышкер-сынақшы» біліктілігі берілді.
Айдын ғылыми зерттеулермен айналысып, Қазғарыштың жаңа жобаларына қатыса отыра, Астанадағы Оқушылар сарайы жанында құрған жас ғарышкерлер мектебіндегі шәкірттерінің жетістіктеріне қуанған жылдарда, «Балалар және ғарыш» дәстүрлі конкурсына арналған Ғарыш күнін атап өткен кездерде де ұшуға іштей дайындалып жүрді. Осылай алты жыл сырғып өтті.
Сөйтіп, Астана күні қарсаңында 2015 жылғы 3 шілдеде ҚР Президенті ХҒС ұшуға А. Айымбетов кандидатурасын бекітті.
2015 жылғы мамырдың соңында А. Айымбетов Гагарин атындағы ҒДО-да дайындығын қайта бастады, сол жылдың 20-27 маусымы аралығында ол америкалық ХҒС сегментін зерделеу мақсатында Хьюстонда (АҚШ) Джонсон атындағы НАСА Ғарыш орталығында болды.
Негізгі экипаж құрамында – «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, Ресейғарыш ғарышкері Сергей Волков, 1-бортинженер, ЕҒА астронавты Андреас Могенсен, 2-бортинженер, Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов.
Он бес минут өткен соң бортында қосалқы экипаж: командир - Ресейғарыш ғарышкері Олег Скрипочка, бортинженер-1 - ЕҒА астронавты Тома Песке, бортинженер-2- Ресейғарыш ғарышкері Сергей Прокопьев бар ҒДО ұшағы келді.
Экипаж командирлерінің сөре алдындағы қорытынды кезеңі үшін ғарыш алаңына келуі туралы баяндамасынан кейін ғарышкерлер мен астронавтарға кәдесый – ақ боталар берілді. «Шөл дала кемелерін» бейнелейтін боталар кәдесыйларын ғарышкерлердің сапарын ойдағыдай бастап, аман-есен елге оралуын ырымдап Қазғарыш арнайы дайындаған болатын.
Жиналған қауым ұшқыш-сынақшыға көптеген сұрақтар қойды және өз сауалдарына толық жауап алды. Кездесу жаймашуақ жағдайда өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды
-
Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды
-
Ресейдің Омбы және Түмен облыстарының мектеп оқушылары Көкшетаудың Достық үйінде қонақта болды
-
Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды
-
Ақтөбедегі аты аңызға айналған №22 мектепте ұшқыш-ғарышкер Ю. Лончаковтың жеке партасы орнатылды
-
Талдықорған мектебінде ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтың «Батыр Партасы» орнатылды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды
-
Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды
-
Ресейдің Омбы және Түмен облыстарының мектеп оқушылары Көкшетаудың Достық үйінде қонақта болды
-
Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды
-
Ақтөбедегі аты аңызға айналған №22 мектепте ұшқыш-ғарышкер Ю. Лончаковтың жеке партасы орнатылды
-
Талдықорған мектебінде ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтың «Батыр Партасы» орнатылды