07 Тамыз, 2024
259
Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды
Польша мемлекетінің танымал ғалымы, саясат магистрі Якуб Якусик қалалық Достық үйінде болып, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мәртебелі мейманға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Әңгіме барысында ол қазақ тілінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті жайлы сөз қозғап, қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді.
Оның айтуынша, ол 2002 жылы Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетінің түркітану бөліміне оқуға түсіп, қазақ тілін сол жерде үйрене бастады. Содан бері қазақ тілін білу деңгейін арттырып келеді. Ең қызығы, жас ғалым Қазақстан Республикасының Конституциясын поляк тіліне аударған.
Жылы және достық атмосферада өткен кездесу барысында қатысушылар түркітілдес елдердің мәдени мұрасы және тіл мәселелеріне қатысты қызықты тақырыптарды талқылап, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ Якуб Якусик қазақ тіліне деген қызығушылығын жасырмай және оны жоғары деңгейде меңгергенін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Шара соңында Польшадан келген қонаққа қалалық ҚХА атынан естелік сыйлық табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті