
01 Наурыз, 2023
106
Ассамблея мен Министрлік Алғыс айту күнінде достық телекөпірін өткізді
2023 жылғы 1 наурызда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Хатшылық меңгерушісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов барлық өңірлердегі Қазақстан халқы ассамблеяларымен телекөпір форматында мерекелік іс-шара өткізді.
Жалпы республикалық телекөпірге еліміздің барлық өңірлеріндегі Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен 40 Достық үйі қатысты.
Мерекелік іс-шараға ҚХА мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, волонтёрлер мен жастар қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізінде әділетті Қазақстанның құрушысы ретінде еңбектегі адамның рөлін атап өтті.
Министр күн сайын өзінің адал еңбегімен еліміздің дамуына, сол арқылы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген замандастарымызға - ержүрек құтқарушыларымызға, өрт сөндірушілер ментәртіп сақшыларына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне және волонтёрлерге ерекше алғысын білдірді.
Өз сөзінде Марат Әзілханов, көктемнің алғашқы күні – қазақстандықтарды өзара көмек, азаматтық жауапкершілік және еңбек культінің жасампаз құндылықтары негізінде топтастыратын алғыс атмосферасына толы мереке екенін атап өте отырып, бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде қазақстандықтардың бір-біріне, сондай-ақ әр салада адал еңбек етіп, елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтатын шуақты мейрам екенін тілге тиек етті.
М.А. Әзілханов Қазақстанда, ортақ шаңырағымызда, өз қызметін бірлік пен келісімді нығайтуға арнаған қазақстандықтарға ерекше алғысын білдірді. Ол Ассамблея мүшелерінің әрқайсысы (олардың саны 20 мыңға жуық)Қазақстандағы татулыққа, ұлтаралық бірлік пен қоғамдағы келісімге қосқан үлестері шексізалғысқа лайық екенін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның аясында республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының жетекшілеріне, сарапшылар мен Ассамблея белсенділеріне ерекше алғыс айтылды.
Телекөпірге қатысушылар Алғыс айту күнінің қоғамда сенім мен келісім атмосферасын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, барша қазақстандықтар арасында азаматтық парыз бен жауапкершіліккетәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Ақпарат және қоғамдықдаму министрі мен ҚХА Төрағасының орынбасары түрлі саладағы еңбек адамдарынаҚазақстан халқы Ассамблеясының және Министрліктің марапаттарын – алғыс хаттар менқұрмет грамоталарын және «Алғыс» төсбелгісін тапсырды.
Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияда Қазақстан құтқарушыларының құрамында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген Астаналық Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Жанат Болатұлы Камерденовке шынайы алғыс айтылды.
Ассамблея марапаты қазіргі Қазақстанның «еңбек адамының» үлгісі болып табылатын қарағандылық Костенко атындағы шахтаның кеншісі Даниэль Артурович Дильге табысталды.
Сонымен қатар, жүздеген ұл-қыздарды спортпен шұғылдануға шабыттандырған кәсіпқой бокстан қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы Фируза Фахритдинқызы Шарипова да алғысқа ие болды.
«Алғыс» төсбелгісімен Алматы облысы Талғар ауданы N17 мектеп директоры Тифанциди Наталья Алексеевна марапатталды. Наталья Алексеевна көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы бола отырып, мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде «Бірлік - әралуандылықта» қағидасын жүзеге асыруға баса назар аударады.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының «Қоғамдық келiсiмi» КММ «Қызыл желкендер» жастар театрының көркемдiк жетекшiсi Надежда Николаевна Киёктың мәдениеттiлiк арқылы мәдениеттi тұлғаны тәрбиелеуге қосқан үлесi аталып өттi.
Телекөпір еліміздің барлық өңірлерінде Алғыс айту күніне арналған ауқымды іс-шараларды, сондай-ақ дәстүрлі «Қайырымдылық керуені» республикалық форумын бастады.
Анықтама үшін: 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясы барысында оның 20 жылдығын мерекелеу аясында Алғыс айту күнін атап өту, ал ҚХА құрылған күні – 1 наурыз - мереке күні ретінде алталып өту шешім қабылданды.
Биыл Алғыс айту күні аясында 80-нен астам республикалық, облыстық түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде еңбек ұжымдарында еңбек адамдарын, ардагерлерді құттықтау, республикалық және облыстық телеарналарда арнайы телебағдарламалар шығару, әлеуметтік желілерде түрлі челлендждердің іске қосылуы, бірқатар әлеуметтік акциялар, соның ішінде қайырымдылықакциясы жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА МЕН "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «ГолосОК» шығармашылық ұжымын мерейтойымен құттықтады
-
«Түркістан – татулық тұғыры» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
-
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб бастаған шетел делегациясымен кездесу
-
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 Мамыр, 18:26
ҰЙҒЫР БІРЛЕСТІГІ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНІҢ ДЕКАДАСЫН БАСТАДЫ
24 Мамыр, 19:29
«Наири» Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы болып Наринэ Микаелян сайланды
29 Мамыр, 18:20
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
26 Мамыр, 20:15
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
29 Мамыр, 20:20
ҚХА МЕН "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА МЕН "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «ГолосОК» шығармашылық ұжымын мерейтойымен құттықтады
-
«Түркістан – татулық тұғыры» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
-
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб бастаған шетел делегациясымен кездесу
-
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!