Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2024

35

Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді

29 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» жобасын іске асыру аясында «Qazaq Cybersport Federation» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кибер ойын комментаторларын мемлекеттік тілде оқытуға қолдау көрсету бойынша кездесу өтті.

Басқосуға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, «Qazaq Cybersport Federation» РҚБ өкілдері мен ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ, қазақ тілі мамандары, ҚХА белсенділері, Қазақстандағы кибер ойындарының комментаторлары (стриммерлер) қатысты.

Қатысушылар кибер ойын комментаторларын қазақ тілінде оқытудың форматы, мерзімі және әдістемесін талқылады.

Бұл жобаны жүзеге асыру елдегі «киберспорт» жанкүйерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Кейін қарай