Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Шілде, 2024

133

«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғимаратында вице-министр Д.Ж. Ахмед-Закидің төрағалығымен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.


Бұл кездесу Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жастар жобалары мен бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты тапсырмасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Кеңеске «Ассамблея жастары» ұйымының, сондай-ақ Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.



Кездесу барысында студент жастармен өзара іс-қимылға, студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы жобаларына тартуға, сондай-ақ жастар ортасында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ жастар жобаларының тізбесін айқындау мәселелері талқыланды.


Сондай-ақ, «Ассамблея жастары» ұйымының Қазақстанның жоғары оқу орындарында студенттік Ассамблеялар желісін құру жөніндегі бастамалары қаралды. Бұл студенттік ортада жастар бастамаларын іске асыру үшін жаңа жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.


Кейін қарай