17.05.2019
4155
Талдықорғанда халықаралық «Сабантой - 2019» мерекесі өтті
Талдықорғанның Жастар саябағында халықаралық «Сабантой - 2019» мерекесі өтті.
Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Туган тель» татар этномәдени орталығының ұйымдастыруымен татар мен башқұрт халқының көктемгі егін науқанының аяқталуымен байланыстырылатын «Сабантой – 2019» мерекесі атап өтілді.
Мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, облыстық ҚХА төрағасы А. Баталов, Татарстан республикасының делегациясы, ҚХА мүшелері, этномәдени білестіктердің төрағалары мен белсенділері қатысты.
Сабантой мерекесіне келген қонақтар Татарстан республикасы өнер шеберлерінің және республиканың әр өңірінен келген татар-башқұрт этномәдени орталықтарының қатысуымен «Сабантуй бояулары» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.
«Сабантой - 2019» мерекесінде «Татарча көрәш», ұлттық ойындардан жарыс, ұлттық билер байқауы, чак-чак party, балалар «майданы», ертегілер әлемі, батыр-юниор және тағы басқа байқаулар мен жарыстар өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті