02 Қазан, 2023
392
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Кеңес отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру контексіндегі ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының қызметі талқыланды.2023 жылғы 2 қазанда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Аталған депутаттық бірлестік өз жұмысын ағымдағы жылдың маусым айында бастады. Бұл парламентаризм дамуының жаңа кезеңі, себебі жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша палатааралық және партияаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы қалыптасты.
Кеңес мүшелеріне Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақовтың, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттары Н.Жүсіп пен З.Кузиевтің баяндамалары ұсынылды.
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Республика күні қарсаңындағы бұл шараның маңыздылығына тоқтала отырып, «Елімізде өткен конституциялық реформа, Президент, Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, Ұлттық құрылтай форумдары, «Әділетті Қазақстан» идеясы Қазақстанның дамуына жаңа серпін берді. Бұл әділеттілік векторы, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуының жаңа мүмкіндіктері, қосымша әлеуметтік және саяси лифттер» екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Кеңес бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.
Кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлерінің ҚХА Кеңесінің мүшелерімен кездесуі барысында қатысушылар еркін форматта өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алып, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін қызықтырған мәселелерді талқыға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37