Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2024

118

Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Іс-шара этносаясат саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірді. Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қатысты.


Отырысты модератор ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (ҚЭЗИ) директорының орынбасары Айгүл Садвокасова жүргізді.


«Білім беру жүйесіндегі негізгі құндылықтар» тақырыбында «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова баяндама жасады. Ол білім беру саласындағы құндылықтар бағдарын қалыптастырудың қазіргі заманғы заманауи тәсілдеріне тоқталды.


«Тәуелсіз Қазақстан ұрпағының құндылықтық бағыттары» туралы өз баяндамасында таныстырған «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, еліміздің тәуелсіз дамуы контекстінде жастардың басымдықтары мен идеалдарына назар аударды.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі этносаралық қатынастардың ерекшеліктері» гранттық жобасы шеңберінде этносаралық қатынастар саласында белгілі ғалымдардың авторлық ұжымының қатысуымен дайындалған «Этнополитология» оқу құралы талқыланып, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің ұсынымдары берілді.


Кейін қарай