
09 Маусым, 2015
940
Астанада қайырымдылық концерті өткізілді
Астанадағы Кирилл және Медофий рухани орталығының концерт залында қайырымдылық концерті өткізілді. Игі іс барысында казактардың «Станичники» халық хоры жасөспірім мүгедектерге және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына үлкен қуаныш сыйлады.
«ҚХА 20 жылдығына-20 игі іс» акциясы шеңберінде өткізілген бұл шараның жоғары деңгейде өткізілуіне «Лад» республикалық славян қозғалысы (төрағасы Николай Шепелюк), «Қызыл Жарты ай» қазақстандық қоғамының Астана филиалы мен елордалық православ шіркеуі бастамашы болды.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген «Лад» республикалық славян қозғалысы Астана филиалының төрағасы Николай Шепелюк, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Құдайберген Секербаев, «Қызыл Жарты ай» ҚҚ АФ өкілі Алтынай Ахметжанова және Қасиетті-Успен кафедралдық соборының протоиерейі Дмитрий Байдек баянды бақыттың бастауы бірлікте екенін, еліміздің бұл тұрғыдан көпке үлгі болып отырғанын мақтаныш сезіммен жеткізді. Сөз орайында, «Лад» РСҚ Астана филиалының төрағасы Н. Шепелюк мұндай ізгі шаралар барлық ұлтты ортақ мақсатқа жұмылдыратынын мәлімдеп, меймандарға аталған акцияға ұйымшылдықпен қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық концерті барысында халық көркемөнерпаздар ұжымының көркемдік жетекшісі Наталья Иванованың ұйымдастыруымен көрермендер назарына Александр Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасынан әдеби-музыкалық спектакль ұсынылды. Шығарма өзегіне арқау болған- «шайқас даңқ үшін емес, жер бетіндегі өмір үшін жүргізіледі» деген сөз кешегі сұрапыл соғыстың адамдар өмірін сақтап қалу мақсатында болғанын аңғартып өтті. Сонымен бірге, осы кеште соғыс жылдарындағы әндер де шырқалды.
Іс-шарадан түскен қаражатты жасөспірім мүгедектерге және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына үлестіру көзделген. Сондықтан барлық жиналған қаражат Астана қалалық «Қызыл Жарты ай» қорына тапсырылды.
_____________________________
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ