16 Қыркүйек, 2024
330
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
Бүгін Астанада Қазақстан-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсула салу рәсімі өтті. Іс-шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орайластырылып отыр.
Астанада Қазақстан-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Президентінің 2023 жылы ГФР-на сапары аясында қолға алынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символына айналатын мектеп құру мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.
Жобаны Қазақстан халқы Ассамблясының қолдауымен «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Астана қ. әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Германия Федералды сыртқы істер министрлігі іске асыруда.
Мектеп 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.
Астанадағы Қазақстан-неміс мектебі елдегі және Орта Азиядағы неміс білім беру стандарттары бойынша оқыту жүргізілетін алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы бойынша мектепті бітірген түлектер Қазақстанда да, Германияда да мойындалған аттестат ала алады. Бұл оларға қосымша дайындық және қабылдау емтихансыз неміс жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жоба бастамашыларының айтуынша мектеп құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларына есігін айқара ашады. Жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті