16 Қыркүйек, 2024
64
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
Бүгін Астанада Қазақстан-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсула салу рәсімі өтті. Іс-шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орайластырылып отыр.
Астанада Қазақстан-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Президентінің 2023 жылы ГФР-на сапары аясында қолға алынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символына айналатын мектеп құру мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.
Жобаны Қазақстан халқы Ассамблясының қолдауымен «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Астана қ. әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Германия Федералды сыртқы істер министрлігі іске асыруда.
Мектеп 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.
Астанадағы Қазақстан-неміс мектебі елдегі және Орта Азиядағы неміс білім беру стандарттары бойынша оқыту жүргізілетін алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы бойынша мектепті бітірген түлектер Қазақстанда да, Германияда да мойындалған аттестат ала алады. Бұл оларға қосымша дайындық және қабылдау емтихансыз неміс жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жоба бастамашыларының айтуынша мектеп құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларына есігін айқара ашады. Жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жас ғалымдар клубымен кездесуі
-
ҚХА Төрағасының орынбасары қазақстандық неміс орталығында болды
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы» РҚБ төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Aлматы қалалық филиалының төрағасымен кездесуі өтті
27 Қыркүйек, 20:15
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
25 Қыркүйек, 11:07
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
вчера, 11:19
1 қазан — Қарттар күні құтты болсын!
28 Қыркүйек, 21:09
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
30 Қыркүйек, 12:41
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Қарағанды облысы әкімінің орынбасарымен кездесті