23 Тамыз, 2024
183
Астанада “Мектепке жол” ҚХА қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық бала мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілді
Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық алдында қолдау және көмек қолын созу.
Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Байкен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастар қанаты қатысты.
Елордалық этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесінің және ҚХА «Жомарт жан» орталығының қолдауымен өткен іс-шара барысында 200-ден астам бала мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Көмектің жалпы сомасы шамамен 4 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар балалардың назарына қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.
ҚХА-ның бұл қайырымдылық акциясы жылсайын этномәдени орталықтардың қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.
Жыл басынан бері Астана қалалық Ассамблея мүшелері көрсеткен қайырымдылық және гуманитарлық көмектің жалпы сомасы шамамен 49,5 млн теңгені құрайды.

Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады