Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қараша, 2024

120

АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2024 жылғы 22 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жоба жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді және жалпыұлттық болып табылады. Еліміздің барлық өңірлерінде лауреаттарды анықтау мақсатында шығармашылық байқаулар өткізілді.

Жоба өскелең ұрпақты - мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, сондай-ақ түрлі этнос жастарын Қазақстан халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің және қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Ассамблеяның «Мыңбала» жобасының мемлекеттік тілді этносаралықтілі ретінде насихаттау арқылы этносаралық келісімді нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік тілді үйрену арқылы жас ұрпақ Қазақстан халқының мәдени, рухани және ұлттық құндылықтарын сіңіреді.

Іс-шара аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының әр жылдардағы жеңімпаздары бірлесіп өнер көрсетті.

Кейін қарай