Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2023

156

Астанада «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2023 жылғы 30 қарашада Астана қ. Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін ынталандырумақсатында өткізілді.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, жобаларын жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын және мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, қазылар алқасының мүшелері, тілші-журналистер, республикалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Байқауға республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада байқау жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде – Имамбаева А. және Тыщенко Е. «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газеті (Астана қ.); I орын – Жақыпов А. «Life09» ақпараттық агенттігі (Қарағанды қ.), Аметбакиева Г. «Қазақ радиолары» ЖШС (Алматы қ.), Жолжанова Г. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті (Астана қ.); II орын – Ли А. «Прикаспийская коммуна» облыстық қоғамдық-саяси газеті (Атырау облысы), Қожасов Е. «Сыр бойы» облыстық газеті (Қызылорда облысы), Боранбаев А. «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газеті (Түркістан облысы); III орын – Абзал Ә. Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы, ҚХА Журналистер клубының мүшесі (Қызылорда облысы), Корнева В. Солтүстік-Қазақстан облыстық Журналистер клубы (СҚО), Сейсенбаева А. «Рavlodarnews» ақпараттық порталы (Павлодар облысы).

Ынталандыру сыйлықтары – Набиева З. «Наш Костанай» облыстық газеті (Қостанай облысы), Габсаттарова – Эм А. «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газеті (Алматы облысы), Біржансал И. «Қазақ» газетінің тілшісі (Алматы қ.), Гановичева А. «MediaPRO.KZ» (Шығыс Қазақстан облысы), Tengrinews.kz ақпараттық порталы Фазыл Ә. (Астана қ.) ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Кейін қарай