07 Шілде, 2015
856
Астананы әнге қосып...
«Астана – бейбітшілік, достық пен келісім қаласы» - осындай тақырыппен Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күніне арнап мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Іс -шаралар Лисаковск қаласы мен Ұзынкөл ауданында өтті.
«Астана – бейбітшілік, достық пен келісім қаласы» - осындай тақырыппен Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күніне арнап мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Іс -шаралар Лисаковск қаласы мен Ұзынкөл ауданында өтті.
Көшпелі концерттік бағдарламада өңірдің этномәдени бірлестіктерінің шығармашыл ұжымдары қатысып, түрлі тілде Отан туралы әндер шырқалды. Олар Отан даңқын өлеңмен де, қара сөзбен де асырып, жас астанамыз – Астана қаласын жырға қосты. Шексіз қазақ даласының көп этносты бояуын танытатын ұлттық билер биленіп, түрлі саз аспаптарында әуендер ойналды.
- Бұл достық әуендері әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапты, - деді Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының міндетін атқарушы Гүлвира Құдайқұлова. – Біз үлкен де тату отбасының мысалы сияқтымыз. Күн өткен сайын түрленіп, жасанып келе жатқан Астана осы келісімнің, беріктіктің, бірлесудің символына айналды. Бұл – біздің мақстанымыз, орасан үлкен елдің тәуелсіздігі мен егемендегенің символы.
Салыстырмалы түрде алғанда қысқа мерзімде шағын ғана қаладан қазіргі заманғы мегаполис, әлемнің ең сұлу және өркен жайған қалаларының бірі өсіп шығып, Еуразияның жүрегі сынды қалаға айналды. Бас қаламыздың жүрек соғысы Қазақстанның әр түпкірінде естіліп тұрады. Бұл жерде ауқымды іс-шаралар, форумдар, әлемдік мәні бар съездер өтеді. Астанаға бір келген адам оның көрскем келбетіне, бірегей сәулетіне, әсем де көрікті жерлеріне таң қалады. Өткен жылдар еліміз сияқты, ол үшін де қарқынды өсу әрі даму жылдары болды. Біз қлтымызға қарамай, бәріміздің басымызды қосып отырған асқақ Астанамызды мақтан етеміз. Біз оның тамаша болашағына сенеміз!
«Қостанай облысы әкімдігі Достық үйі» КММ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті