Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2016

961

«Ата заңым – айбыным!» форумы

Үстіміздегі жылдың 24 тамызында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» мекеме директоры Т.Қасымберкебаевтың төрағалық етуімен «Ата заңым – айбыным!» форумы болып өтті.

 Форум Достық үйі этномәдени орталықтарының белсенділері, облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» клубының мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен әскери қызметкерлердің қатысуымен өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Алматы облыстық ҚХА хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі Г.Черникова, Алматы облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Шегебаева, Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Е.Судурбаева, «Бірлік» жастар қауымдастығының төрайымы Н.Белик баяндама жасады. Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт Конституцияның маңыздылығы мен құндылығы жайында айтып, барша жиналған қауымды мерекемен  құттықтап, ақ тілегін арнады.

Форумда ерен еңбектерімен дараланып, ел бірлігін сақтауға үлес қосып жүрген бірқатар мекеме қызметкерлері мен белсенді азаматтарға «Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы» директорының алғыс хаты табыс етілді.

Мерекелік форум барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, Достық үйі және облыстық орыс, «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталықтары әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қамқорлық танытып, жиналған қаржыдан 163000 теңгеге 11 баланы мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті. Ақ пейіл, ізгі ниеттен туындаған сауапты іс көпшіліктің көңілінен шықты.

Іс-шара этномәдени орталықтар көркемөнерпаздары ұжымының мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясындағы  форум мен жүрек жылуын ұсынған жақсы істің куәсі болған көрермен ықыласында шек жоқ. Алған әсерлері жүздеріндегі жайдарлы көңіл күйлерінен сезіліп тұрды.

Кейін қарай